Ауыл

Футбол алаңын салып берді

Ойыл ауданының Қараой ауылында футбол алаңы салынды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Қобыланды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен салынған шағын футбол алаңына жасанды төсеніш төселіп, халықаралық стандартқа сай жабдықталған. Жоба құны — 8 млн теңге.

Қараойлық жастарға арнап игі іс жасаған серіктестік басшысы Махмут Налибаев

бұл Астананың 20 жылдығына арнайы жасаған тартуы екенін жеткізді.

Жуырда Қараой ауылында жаңа алаңда шағын футболдан жастар арасында аймақтық біріншілік ұйымдастырылды. Жарысқа Қараой, Ақшатау, Сарбие және Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданынан келген спортшылар қатысты.

Ойында командалардың есебі тең түсіп, барлық спортшылар марапатталды.

Кейін жарыс тартысты ойындарға ұласты.

Айта кету керек, бұл — Қараой ауылында салынған алғашқы футбол алаңы. Ол ауылдың бас көшесінде орналасқан. Ауылдың жастары жаңа алаңның салынғанына дән риза.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button