Ресми

Байқауға қатысыңыз!

«Нұр Отан» партиясының орталық аппараты Партиялық бақылау қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментімен бірлесе отырып, «Арыңды таза ұста» тақырыбындағы үздік әлеуметтік бейнеролик бойынша республикалық байқау жариялайды

Байқаудың мақсатыҚазақстан Республикасында жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне азаматтардың назарын аудару.

Байқауға ұсынылатын жұмыс тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түрлі бағыттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және алдын алудың жолдарын, сыбайлас жемқорлықтың себептерін талдауды қамтуы тиіс.

Байқауға 18 және одан жоғары жастағы азаматтар, жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар мен креативті студиялар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін берілген тақырып бойынша бейнеролик дайындау қажет. Байқауға ұсынылатын жұмыс келесі талаптарға жауап беруі тиіс: жұмыс, оның мазмұны, сюжеті, сахналық тұлғалар мен кейіпкерлердің әрекеті ҚР заңнамасына қайшы келмеуі тиіс;

– ұсынылған байқау жұмыстарында жалған мәліметтерді пайдалануға тыйым салынады;

– басқа бейнебаяндарды, графикалық материалдарды, мәтіндерді, дизайн идеяларын толықтай немесе бөлігін пайдалануға (алуға) тыйым салынады. Бейнелер әдепсіз лексиканы немесе қимылдарды, зорлық-зомбылық көріністерін қамтымауы, сондай-ақ ұлтаралық және діни араздыққа шақырмауы тиіс;

– дыбыстық сүйемелдеумен немесе дыбыссыз бейнелердің, видеоның кезектілігі  түсірілмелі тасығышта (съемный носитель) ұзақтығы 45 секундтан аспайтын болуы керек.

Өтінішке қоса беріледі:

а) жұмыстың мазмұны мен техникалық сипаттамалары, автордың тегі, аты, әкесінің аты және байланыс ақпараты көрсетілген қағаз нұсқасындағы (бумажный носитель) байқау жұмысының қысқаша сипаттамасы;

б) байқау жұмысы AVI, FLV (уақыты 45 секундтан аспайтын) форматындағы CD/DVD дискісінде ұсынылады немесе электрондық поштаға жіберіледі.

Байқау жұмыстары 2018 жылдың 20 қазанына дейін партияның Ақтөбе облыстық филиалына қолма-қол (Тургенев көшесі, 86, жұмыс телефоны: 54-31-39) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған бейнероликтер конкурсы» деген белгімен немесе роликтің, конкурстық жұмыстың қысқаша сипаттамасы мен өтініштің көшірмесі қоса берілген электрондық поштамен (islamova.kb@gmail.com) ұсынылады.

Байқауға жіберілген материалдар кері қайтарылмайды және пікір жазылмайды. Байқауға қатысушы шексіз өтініш бере алады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button