Анаға тағзымБасты жаңалықтар

Құрметті «Анаға тағзым» республикалық слетінің қатысушылары! Қадірлі аналар, қыз-келіншектер!

Алғашқы әйел-дәрігер Аққағаз Досжанованың, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың және Нұрсұлу Тапалова, Ғазиза Жұбанова, Роза Жаманова, Алтын Ружева секілді хас таланттардың кіндік қаны тамған құтты мекен Ақтөбе жеріне қош келдіңіздер!

Асыл дінімізде де, қыз баланы сыйлап, төрге отырғызатын ұлтымыздың болмысында да ананың орны бөлек. «Әуелі анаңды сыйла» — дейді қазақ. Расында да, Ана  —  берекенің, шексіз мейірімнің  бастауы.

Ұлт ұстазы М.Әуезов «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп аталы сөз қалдырған. Еліміздегі ҰЛТҚА ҮЛГІ, ҰРПАҒЫНА ПАНА болып жүрген абзал аналарымыздың басын бір жиынның төріне қосып отырғанымыздың да мәнісі осында жатыр.

Болашақта түрлі келеңсіздіктердің алдын алып, кеселді істерді түп-тамырымен жоюға атсалысу, болдырмау мақсатында, ізгіліктің дәнін себу үшін елімізде тұңғыш рет Аналар слетін өткізіп отырмыз.

Республикамызда тұңғыш рет біздің облыста «Анаға тағзым» рухани-тәрбие беру орталығы салынды. Бұл орталық «Туған жер» акциясы аясында демеушілердің көмегімен тұрғызылды. Бұл — біздің барша аналарға жасаған құрметіміз!

Сонымен бірге, Аналар аллеясы ашылды. Аймағымызда биылғы жыл Балалар жылы деп аталып, оның аясында «Бақытты бала» жобасы іске асырылып жатыр.

Құт мекеннен бастау алған бұл бастама бүкіл қазақстандықтарға үлгі-өнеге, бағдаршам болады деп сенемін.

 

Құрметпен,

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button