Жаңалықтар

Татарстан біздің облыстың ет кластерін дамыту тәжірибесін үйренуде

Облысқа жұмыс сапарымен Татарстан Республикасының делегациясы келді. Делегация құрамына мемлекеттік органдардың, муниципалды аудандар мен ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың  басшылары кірді.

Делегаттардың өңірге келулерінің негізгі мақсаты — «Актеп» ЖШС базасында құрылған Ақтөбе ет кластерінің жұмыс жасау тәжірибесін үйрену. Бүгінде кәсіпорын асыл тұқымды мал өсірумен айналысады, 11 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңы мен қуаты жылына 7200 тоннадан асатын ет өңдеу кешені бар.

Қазір бұл шаруашылық облыстың 350 шаруа қожалығымен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Серіктес болу табысты кеңейтіп, аналық малды толықтыруға және мал тұқымын жақсартуға ауқымды қаражат тартпай-ақ мүмкіндік береді, өздері шығарған еттің үнемі өткізу нарығы бар, жиналған мал азығы артығымен болатын қарапайым шаруалар үшін тиімді.

Осы аптаның сейсенбісінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Асылжан Мамытбеков татарстандық делегацияның басшысы, Премьер-министрдің орынбасары — ТР Ауыл шаруашылық және азық-түлік министрі Марат Ахметовпен кездесті.

Ақтөбе облысы мен Татарстан республикасы мәдени-гуманитарлық салада тиімді өзара әрекет етеді. Атап айтқанда, биыл «Бақытты бала» жобасы аясында алғаш рет біздің оқушылар Қазанда демалып, цифрлық технологиялар саласында білім алды. Алайда, біз сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасты да дамытуымыз керек. Бізде әріптестік етуге болатын салалар көп, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында, — деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Өз кезегінде Марат Ахметов қазақстандық тарапты жылы шыраймен қабылдап, «Актеп» ЖШС жұмысымен танысуға мүмкіндік бергендері үшін алғысын білдірді.

Мәскеуде бізге Қазақстанда, атап айтқанда, Ақтөбеде ет кластерін құрудағы бірегей тәжірибе жөнінде айтқан болатын. Серіктестеріміздің кеңесімен біз осында келуді ұйғардық. Ақтөбе ет кластерінің жай бизнес жоба ғана емес, салмақты әлеуметтік жоба екенін айта аламын. Өйткені, кластердің жеке өңдеу, бордақылау алаңдарынан өзге 350 серіктесі — шаруа қожалығы бар. Бұл жоба бізге өте қызықты. Енді біз Қазақстанның мемлекеттік қолдауын сезе отыра дәл сондай жобаларды Татарстанда да пысықтайтын боламыз, — деп атап өтті  М.Ахметов.

— Ресей Федерациясының ірі субъектілерінің бірі. Татарстан Республикасы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі жағынан Ресей Федерациясында үшінші орында тұр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button