Жаңалықтар

Биыл елуден астам ірі компания еңбекақыны көтерді

Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында орташа еңбекақы 137,7 мың теңгені құраса, 2017 жылдың соңында 126,1 мың теңге болатын. Облыс орташа еңбекақыны көтеру қарқыны жағынан Қазақстан өңірлері арасында көшбасындағылардың бестігінде ( төртінші орында).

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразаев мәлімдеді.

Жиын кезінде ақтөбелік кәсіпорындардың өндірістік процестерді тұрақтандыру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету туралы меморандумдарды орындау сұрақтары қаралды.

Бірнеше жылдан бері жергілікті билік өңірдегі ірі және орта кәсіпорындармен осындай меморандумдарға қол қойып келеді. Олардың орындалуын арнайы құрылған топ қадағалайды. Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 4,7 мың меморандумға қол қойылды. Солардың аясында кәсіпорындар үшін еңбекақыны, соның ішінде өндіріс жұмысшыларының еңбекақысын  көтеру мәселесі директивті міндет болып танылды.

Атап айтқанда, биыл 53 ірі кәсіпорын мен олардың сервистік компанияларында еңбекақы 7% -дан 20%-ға дейін көтерілген. Облыстағы барлығы 518 кәсіпорын еңбекақыны көтеру міндетін алды.

Облыс әкімі меморандумдардың орындалуын және жұмысшылар құқығының сақталуын қатаң қадағалауды тапсырды.

Еңбекақы азаматтардың әлеуметтік көңіл күйіне әсер етеді. Бұл сұрақ үнемі бақылауда болуы керек. Жұмыс берушілер еңбекақыны жыл сайын инфляция деңгейінде индекстеулері қажет. Егер инфляция 4 пайызды құраса, онда жұмысшылардың еңбекақысы кем дегенде 4 пайызға өсу керек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, еңбек қатынастарын заңдастырудың жүйелі жұмыстарын жалғастыру, жұмысшыларды негізсіз қысқартуға жол бермеу және жұмыстан қысқартылғандарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру да тапсырылды.

Бұдан басқа, жиын кезінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың ағымдағы жағдайы қаралды.

Осы тақырыпты талқылау кезінде облыс әкімі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қорлар мен халықаралық ұйымдар бөлетін гранттық қаражаттарды тарту тәжірибесін кеңейту қажеттігіне баса назар аударды.

— Мұнда жергілікті атқарушы органдарға көмекті «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, көршілес өңірлермен кооперацияны күшейту және кеңейту керек – біз бір бірімізбен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың оң тәжірибесімен алмаса аламыз. Осы бағытта Орынбормен табысты жұмыс істеп келеміз, Татарстанмен әріптестігіміздің келешегі зор, — деді Бердібек Сапарбаев.

Өткен үш айдың ішінде облыс бойынша түрлі әлеуметтік-бағдарланған жобаларды жүзеге асыруға 200 млн теңгедей гранттық қаражат аударылды. Бұдан өзге, биыл облыс бизнеске 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз және ауыл жастарын тарту үшін «Zhasprojeсt» байқауына қатысты.

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова хабарлағандай, байқаудың қорытындысы бойынша ақтөбеліктер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар ұсынған 165 жоба Дүниежүзілік банктен жалпы сомасы 165 млн теңгеге грант алды.

 Облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button