Жаңалықтар

Екі жақты келісімдерге қол қойылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған «Protecting Business and Investments» жобасы аясында жиын өтті. Кездесу тікелей байланысқа барлық өңірлерді қосу арқылы бейнеконференция форматында ұйымдастырылды.

Жиында сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов:

— Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында кәсіпкерлікке қолдау көрсету — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жұмысындағы басты басымдықтардың бірі. Орта және шағын бизнес қызметіне кез келген қол сұғу дерегі төтенше жағдай ретінде қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады, — деді.

«Protecting business and investments» жобасын жүзеге асыру мақсатында аймақтағы инвестициялық ахуалды жақсарту және инвест жобаларды жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен «Актобе TOPSA Пласт» және «GIGANT KZ» ЖШС басшылары жалпы сомасы 1 млрд теңгені құрайтын екі жақты келісімдерге қол қойды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда, Ақтөбе облысы бойынша жалпы сомасы 300 миллиард 348 миллион теңгені құрайтын 14 келісімге қол қойылды.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button