Мәдениет

Димаш халықаралық байқауда ән салды

Әнші Димаш Құдайберген алғаш рет халықаралық «Новая волна» байқауында өнер көрсетті. 

Ресейдің Сочи қаласында 4-9 қыркүйек аралығында өткен халықаралық өнер мерекесінде Димаш Олимпиада саябағындағы New Wave Hall сахнасында A-Studio тобының шығармашылық кешіне қатысып, кезінде Батырхан Шүкенов орындаған «Грешная страсть» әнін орындады.

Жоғары деңгейдегі орындау, кәсіби мықтылық, даусыз талант залда отырған көрерменді орнынан тұрып, қол шапалақтауға мәжбүр етті. Қазылар алқасының

мүшесі Игорь Крутой мен әнші Ани Лорак та Димашқа орындарынан тұрып қошемет көрсетті.
9 қыркүйекте өткен «Новая волна» халықаралық байқауының жабылу салтанатында Димаш тағы да сахнаға шықты. Бұл жолы «Adagio» композициясын орындады.  Байқаудың жабылуында Димашпен бірге Loboda, Елена Темникова, Лариса Долина, Олег Газманов, Филипп Киркоров, Зара, Жасмин, Тимур Родригез және ресейлік өзге де жұлдыздар өнер көрсетті.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button