Мәдениет

Эмир Байғазин — «Үздік режиссер»

75-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» («Горизонты») бағдарламасында жерлесіміз Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі«Үздік режиссер» жүлдесін жеңіпалды. Бұл туралы «Қазақфильмнің» ресми сайтында жарияланды. Бұл — қазақтың кино тарихындағы осындай деңгейдегі алғашқы жүлде. 
Фильмнің әлемдік тұсаукесері де Венеция төрінде 4 қыркүйекте өткен болатын. «Көкжиектер» атты конкурстық бағдарламасына отандық фильмнен басқа кинематография саласы дамуының жаңа тенденцияларын ұсынатын көркем 18 авторлық туынды қатысқан. Фестиваль жеңімпаздары 8 қыркүйекте жария етілді.
Эмир Байғазин бұл фильм сценарийінің авторы, режиссері, қоюшы операторы, продюсері, сонымен қатар картинаның монтаж жұмыстарын да өзі жасаған. Фильмнің жарыққа шығуына Қазақстан (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Emir Baigazin Production), Норвегия (Norsk Filmproduksjon) және Польша (Madants) мемлекеттері қолдау көрсетті.

«Өзен» фильмі өркениеттен алыс жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған бес ағайынды туралы. Фильмнің түсіру жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілген.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button