Мәдениет

Аңсар «Бала дауысына» барады

Елбасы Н.Назарбаевтың, Ә.Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жыл сайын өтетін ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының үшінші маусымы басталды.

15 наурыз бен 15 сәуір аралығында байқаудың онлайн іріктеуі өткізіліп, еліміздегі барлық аймақтардан үздік жас әншілер таңдалған болатын. Осы өнер додасында Ақтөбе облысының намысын №62 мектептің 6-сынып оқушысы Аңсар Жүсіп қорғамақ. 11 жастағы өнерпаздың есімін өнерсүйер қауым жақсы біледі.

Ол Астана қаласының 20 жылдық тойына арналған І «Burabay Summer Fest» жасөспірім таланттардың халықаралық фестивалінде «академиялық ән салу» аталымында жеңімпаз атанған еді. Байқауға қатысуға республикамыздың барлық өңірінен және шетелден (Қытай, Беларуссия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркия) келген 400-ден астам өнерпаз қатысқан-ды. Фестивальдың бас жүлдесін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы атынан ақ рояль мен Лос-Анджелестегі әйгілі «UNIVERSAL STUDIOS HOLLYWOOD» киностудиясына бару мүмкіндігін Аңсар Жүсіпке табыстады.

Аңсар Жүсіп Ақтөбедегі №1 балалар музыкалық мектебінде «вокал» бөлімінде дәріс алады. 17 қараша мен 8 желтоқсан аралығында КТК телеарнасы эфирінен  ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының концерттік бағдарламасы көрсетіледі.

М.Табын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button