Жаңалықтар

Күн суытуы мүмкін

12 қыркүйек күні түнде облыстың солтүстік аудандарында ауа температурасы -3 градусқа дейін суытуы мүмкін. Еліміздегі бірыңғай құтқару қызметінің 112 номері арқылы облыс тұрғындарының ұялы телефондарына осындай хабарлама таратылған.

«Қазгидромет»  РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Лариса Тарасенконың айтуынша, 12-сі күні түнгі мезгілде облыстың солтүстік аудандарында, яғни Қарғалы, Әйтеке би аудандарында ауа райы Цельсий бағанасы бойынша -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

— Болжам бойынша, 11 қыркүйекте, 13 қыркүйекте күннің райы қалыпты болады, — дейді  Л.Тарасенко.

 М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button