Жаңалықтар

Су қоймасы маңайы тазаланды

Акция

«Ақтөбе — таза қала» акциясы аясында  ақтөбелік жастар Ақтөбе су қоймасының маңын тазалады. Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияға қаламыздың жоғары, орта білім беру орындарынан және мектептерден жас еріктілер мен белсенді жастар қатысты.

Қаланың тазалығына үлес қосқан жастар 300-ден астам қапшық қоқыс шығарды.

Аталмыш акция қала маңындағы өзен-көлдердің маңын қоқыс қалдықтарынан арылтып, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Қалалық жастар ресурстық орталығынң директоры Жандос Табылғанов, сондай-ақ бұл акцияның қаланың экологиялық жағдайының жақсаруына мүмкіндік беретіндігін айтады.

Айта кетейік, «Ақтөбе — таза қала» акциясы апта сайын ұйымдастырылып, жыл соңына дейін жалғасады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button