Спорт

Абай — әлем чемпионы

Ақтөбенің спорт тарихында алғаш рет боксшы Абай Қуандықов студенттер арасындағы VIII Әлем чемпионатында чемпион атанды.  

1-6 қыркүйек күндері аралығында Ресейдің Элиста қаласында өткен студенттер арасындағы Әлем чемпионатында 52 келі салмақ дәрежесінде ақтөбелік Абай Қуандықов алтын медальді жеңіп алды.

Абай өзінің алғашқы жекпе-жегінде ресейлік өкілмен қарсыласып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ал жапониялық спортшымен өткен екінші кездесуінде 5:0 есебімен айқын басымдық көрсетіп, финалға шықты. Ақтық сында тайпейлік боксшыны да 5:0 есебімен сан соқтырып, бокстан студенттер арасындағы VIII Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Абайдың бұл жеңісі Ақтөбе облысының спорт тариxындағы алғашқы жтеістік. Бұған дейін 2014 жылы Якутия елінде өткен VI студенттер арасындағы Әлем чемпионатында жерлесіміз Нұрбол Қалжанов күміс жүлдегер атанған еді.

Жеңіс құтты болсын, Абай!

Айбек СЕРІКҰЛЫ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button