Спорт

Жалғас — жеңімпаз!

Астана қаласында аралас жекпе-жектен өткен «Fight Nights Global 88» халықаралық турнирінде ақтөбелік Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті. Ресейлік спортшыдан басым түскен жерлесіміз, осылайша, аса жеңіл салмақтағы чемпион атанды.

Дүбірлі доданың басты жекпе-жегі — ақтөбелік Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Тагир Уланбековтің арасындағы белдесу 5 раундқа жалғасты. 25 минутқа созылған кездесуде жерлесіміз қарсыласын тізе бүктіріп, тиісінше Fight Nights тұжырымының аса жеңіл салмақтағы чемпионы болды.

30 жастағы Жалғас Жұмағұловтың бұл — осымен 12-ші жеңісі.

Балуанның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне, қолдау білдірген азаматтарға алғысын білдірді:

— «Fight Nights Global 88» турнирінде маған жанкүйер болған барлық көрермендерге рақметімді айтқым келеді. Сонымен қатар, әрдайым жанымнан табылған барша жерлестеріме алғысым шексіз. Мен сіздердің қолдауларыңызды үнемі сездім. Бұл маған ерекше күш-қайрат берді.

Осы жарысты ұйымдастырған азаматтарға маған қатысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін ризашылығымды айтамын, — деп лебізін айтты.

Айта кетейік, Ақтөбе әуежайынан жеңімпаз жігітті сала мамандары мен жанкүйерлері, туыстары бір құшақ гүлмен күтіп алды. Жеңісің құтты болсын, Жалғас!

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button