Жаңалықтар

Суға түсу маусымы аяқталды

Брифинг

Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде биылғы жылғы суға шомылу маусымы қорытындыланды.

Жаз мезгілінде облыс көлемінде барлығы 56 жағажай жұмыс істеді. Оның 14-і коммерциялық және 44-і коммуналдық орындар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасымның айтуынша, биылғы маусымда рұқсат етілмеген жерлерде, мас күйінде суға түсу, балаларды қараусыз қалдырудың салдарынан 15 адам суға кетіп, қазаға ұшыраған. Оның ішінде 4-уі — бала. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7 адамға азайған.

— Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1 қыркүйектен бастап суға түсу маусымының жабылғанын хабарлады. Алайда, жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып ұйымдастырылған рейд барысында ауа райының төмендеуіне қарамастан суға шомылушылар кездесіп жатыр.

Өткен жылдан бері тұрғындар көп баратын демалыс аумақтарында ерікті құтқарушылар қызмет ететін коммуналдық жағажайлар құрылғанын атап өткен жөн. Жағажайлар алдын-ала су астын тексеру, қауіпсіз орындарды анықтау жұмыстарын жүргізді. Бұл шаралар судағы өлім оқиғаларын азайтуға септігін тигізді, — деді Қ.Қасым.

Өкінішке қарай, адам өлімі тек рұқсат етілмеген жерлерде ғана емес, өздерінің объектілік құтқарушылары бар жеке жағажайларда да болған. Мәселен, 4 шілде күні Ақтөбе су қоймасындағы «Саяхат» жағажайында 1997 жылы туған азамат жүзу білмесе де, суға трамплиннен секіріп көз жұмған. «Алау» жеке жағажайында бір адам белгілеген жерден асып шомылып, қаза тапқан.

Жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында тек азаматтар ғана емес, 12 жағажайдың иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button