Жаңалықтар

Облыстық қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен қаржы басқармасының басшысы болып Гүлназ Сисенова тағайындалды.

Гүлназ Сағынқызы Сисенова 1981 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Білімі — жоғары.

2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер  мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алға ауданының Алға қаласында салық комитетінің өндіру бөлімінің жетекші инспектор маманы қызметінен бастаған.

2003-2009 жылдар аралығында Ақтөбе облысының қаржы басқармасында жетекші маман, бас маман болып жұмыс істеді. 2009-2013 жылдар аралығында Ақтөбе облысы қаржы басқармасының нақты секторды қаржыландыру бөлімінің басшысы, 2013-2016 жылдары Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары, 2016 жылдың мамыр айынан бастап Алға ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2017 жылдың қараша айынан бастап бүгінге дейін облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button