Жаңалықтар

«Fortebank» басшысымен кездесті

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Юнис Сити» тұрғын үй кешеніндегі мәселелерге қатысты жұмыс тобымен отырыс өткізді» — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға «ForteBank» АҚ басқарма басшысы Гурам Андроникашвили, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау мекемелерінің басшылары қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі аталған тұрғын үй кешенінде пәтер алған азаматтардың заңды құқығын сақтауға қатысты барлық шараларды қолдануды тапсырды.  Соның ішінде әлі салынып болмаған құрылыстарды аяқтап, аумақты абаттандыру жайын да қалыс қалдырмау керектігін атап өтті.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button