Жаңалықтар

«Ақтөбе» хоккей клубы құрылады

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қысқы спорт түрлерін одан әрі дамыту жөнінде жиын өткізді. Оған спорттық мекемелердің басшылары, шайбалы хоккей бойынша облыстық облыстық федерация өкілдері, спорт ардагерлері, хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек бапкерлері қатысты» — деп хабарлайды облыстық баспасөз қызметі.

Қатысушылар қысқы спорт түрлерін насихаттау һәм кеңінен тарату мақсатында «Олимп» хоккей модулі және құрылысы жақын арада аяқталатын Мұз айдыны базасында «Ақтөбе» хоккей клубын құру мәселесін талқылады.

Бердібек Машбекұлы «Ақтөбе» хоккей клубының құрамында Ақтөбе облысының перзенттері болуы керектігін шегелеп айтты.

Қазіргі таңда «Олимп» хоккей модулінде шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек секілді спорт түрлерімен  800-ден астам бала айналысады. Былтыр шілде айында облыс әкімі мен Словакия қаржы вице-министрі Дана Мигер кездескен сәтте 2 500 орындық Мұз айдынын салу жөнінде келісімге қол жеткізілген болатын. Жоба құны —  3,7 миллиард теңге, оның 70 пайызы  словактың «Н+Н Technica» компаниясының  инвестициясы есебінен жүзеге асырылады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button