Ресми

«Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы Мәртөк ауданы күндерінің бағдарламасы

7 қыркүйек

10.00  Орталық базар алаңы

Тәңірберлі Молдабайдың 160 жылдық мерейтойына орай «Молдабайдың әні еді» атты театрландырылған қойылым.

11.00 Аналар үйі

Қазақстан Республикасының Отбасы күні мерекесіне орай «Бақытты ана, сұлу әйел» атты кездесу кеші мен шеберлік сағаты.

15.00 С.Бәйішев атындағы орталық кітапхана

«Бақытты ел — бақытты шаңырақ» атты кездесу кеші.

18.00 Пушкин саябағы

«Шын жүректен» қайырымдылық ертегі-концерт.

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында Шәмші Самғатұлының және аудан бүлдіршіндерінің ән кеші мен «Бөбек босс» атты ертегі қойылымы.

19.00 Абай даңғылы

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Астана мені шабыттандырады» атты суретшілер байқауы, шеберлік сағаты және көрме.

8 қыркүйек

8.00 «Табыс» коммуналдық базары

Мәртөк ауданының ауылшаруашылық  тауарларының жәрмеңкесі.

10.00  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Аққағаз Досжанованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою.

15.00 Қоғамдық келісім мекемесі

«Біз қазақстандықпыз» атты мерекелік іс-шара.

19.00  ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағы

«Ауылым — алтын бесігім» атты гала-концерт.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button