Жаңалықтар

Ақтөбе Нартайын күтіп алды

Джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдегері Нартай Қажеков туған өлкесіне оралды. Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында қала жұртшылығы ел намысын қорғаған батырын зор қошеметпен күтіп алды. Күтіп алушылар арасында Нартайдың анасы, облыстық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов және достары бар.

—  Азия ойындарына қатысудың өзі үлкен жетістік, ал оның ішінде, жүлдегер атану қиынның қиыны. Сондықтан Нартайға, жаттықтырушысы Әшім ағайымызға және ата-анасына алғысымды жеткізе отырып, жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын, — деді басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Айта кетейік, Нартай Индонезия елінде өтіп жатқан Азиаданың жетінші күнінде алаңға шығып,  69 келі салмақта қола медаль үшін күресте түркіменстандық спортшыны жеңген болатын.

—  Маған қолдау білдірген жақындарыма, достарыма, барша жанкүйеріме алғыс айтамын. Керемет сезімде тұрмын. Осы қол жеткізген жүлдемді анама арнаймын, —  дей келе Нартай ерекше ықыласпен кеудесіндегі медалін анасының мойнына тақты. Спортшының бұл әрекетіне, анасына деген құрметіне сүйсіне қараған қалың жұрт қошеметтерін білдірді.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button