Әлеумет

Қайырымдылық — қадірлі іс

Мектепке жол

Ақтөбеде республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан қайырымдылық акциясы биыл қаламыздағы №56 орте мектепте «Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтті. Мектеп әкімшілігі жанынан арнайы қомиссия құрылып,  жұмыс жоспары жасалды.

Аталмыш акция аясында мәслихат депутаттары  Дмитрий Довматенко мен  Талғат Хамитов  мектептің  жеңілдік санаты тізімінде тіркелген бес оқушының әрқайсысына

20 мың теңгеден қаражат бөліп, қайырымдылық жасады.

Қатарластарыма ерекше көңіл күй сыйлаған азаматтарға және осындай сауапты шараларды ұйымдастырып өткізуді дәстүрге айналдырған мектеп директоры Гулдәрия Әбдіғалиева мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Имашеваға алғысымыз шексіз.

 

Аяулым ҚҰДАЙБЕРГЕН,

№56 жалпы орта білім беретін мектебінің 

7 сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button