Басты жаңалықтар

Ақтөбенің өз «Арбаты» болады!

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты.

Ол Тұңғыш Президент атындағы Мәдениет және демалыс паркін кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарады. Қала әкімі Ілияс Испанов облыс басшысына ғашықтар аллеясы, орманды және тарихи аймақ, этноауыл, декоративті жылға, субұрқақтар, қала тұрғындары үшін басқа да демалыс орындары қарастырылған Ақтөбе қаласының орталық парк аймағы орналасу жобасын таныстырды.

Облыс әкімі сондай-ақ, Бөкенбай батыр көшесіндегі ІТ-орталық және жеңіл атлетикалық манеж құрылысы барысын көрді. Жалпы құны 4 миллиард теңге тұратын әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыру бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қазхром» АҚ және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниялары қаржысы есебінен жүзеге асуда. Бұл құрылыстарды 2019 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Мұнда Ілияс Испанов Бөкенбай батыр көшесіндегі жоғарыда аталған нысандардан басқа, жабық спорт стадионы, аквапарк және цирк ғимараты бой түзейтін құрылыстар концепциясы туралы айтып берді.

Жұмыс бабындағы қарау Әлия даңғылынан басталып, Әбілқайыр хан даңғылы бойымен облыс әкімдігіне дейін және Абай бульварында жалғасатын бірінші жаяужол аймағын құру бойынша жұмыстарымен танысумен аяқталды. Жобада орындықтар орнатып, жас көшеттер отырғызу, авторлық шағын архитектуралық формалар, құрғақ субұрқақтар, жарықтандырудың түпнұсқалы шамдарын, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жасақтау қарастырылған. Болашақта көріктендірілген жаяужол аумағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы демалыс орнына айналмақшы.

Бұл жоба мұндай жаяужол аумақтары қала тұрғындарының айтарлықтай оң бағасына ие болған Астана және Алматы қалаларының тәжірибесін ескеріп жүзеге асырылуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button