Әлеумет

Жәрмеңкеге келіп, кеңес ал!

22 тамыз күні сағат 10.00-де Ақтөбе қаласындағы «Халықтық кеңсе» ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, көрсетілетін қызметтер туралы азаматтар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтеді.

Аталған шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырмақ.

Шара барысында азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ең үлкен сұранысқа ие салалары, атап айтқанда, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, деңсаулық сақтау, кәсіпкерлік, сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары көрсететін қызметтер бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алу мүмкіншілігі болады.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде электрондық сандық қолтаңбаны алу мен «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық қызметтерді рәсімдеу тәсілдері таныстырылады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button