Құқық

Заң талабымен

Семинар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңына қол қойғаны белгілі. Осыған байланысты Облыстық әділет департаменті облыстық заң консультанттары палатасымен бірлесіп, семинар-кеңес өткізді.

Жиынға облыстық заң консультанттары палатасының төрағасы Анес Тасыбаев, Облыстық әділет департаментінің бөлім басшылары Жақсылық Жумин мен  Гүлжан Сағымбаева және заңгерлер қатысты. Шарада заң консультанттары палатасының құқықтық-ұйымдық сипаты бойынша мәселелерді талқылау және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының негізгі қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекеттік мүдделердің атынан сотта өкілдік ету тәртібі, мүшелердің жарналар мөлшері туралы, заң консультанттары палатасының ережелері мен стандарттары, т.б. жан-жақты айтылды.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button