Әлеумет

Жат ағымның зияны түсіндірілді

 Дін

Өткен аптада Ақтөбе қаласындағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары және облыстық «Нұр Ғасыр»  мешітінің имамдары Қарғалы ауданының тұрғындарымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Ауданға арнайы келген ақпараттық топ өкілдері Петропавл, Ш.Қалдаяқов, Қосестек, Бадамша  ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімдігінің ғимаратында өткен кездесуге «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Панаев, аталған орталықтың қызметкері Сансызбай Ұлқабаев, «Нұр Ғасыр» мешітінің имамы Нұрбол Смағұловтар түсінік жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Жат ағымдарға әсіресе ғаламтор арқылы жастардың оңай алданатынын ескертіп,

дәстүрлі емес діни ағымдардан сақ болуға шақырды.

Сондай-ақ жиында  жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, жүйелі  шаралар өткізу, діни ағартушылық бағдарламалар ұсыну және мектеп қабырғасынан бастап, орта және жоғарғы оқу орындарында жете түсіндіру жұмыстары пысықталды.

Кезесуді қортындылаған Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары І.Тынымгереев осы бағытта ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқтала келе, облыстан арнайы келген ақпараттық топқа аудан әкімі және аудан тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.

 Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button