Құқық

Бейнекамера бақылайды

Ақтөбелік тәртіп сақшылары бейнекамералардың көмегімен жыл басынан бері 1400-ден астам жол-көлік ережесі бұзылғанын анықтады.

Осы жылдың алты айында автоматты түрде жұмыс жасайтын фото және бейне фиксациясы бар арнайы құралғылардың көмегімен ҚР жол көлік ережелерін бұзудың 1465 фактісі тіркелген. Тәртіп бұзғандарға 7 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.  Оның 4,5 миллион теңгеден астамы, яғни  66,8%-ы мемлекет есебіне қайтарылған.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің  мәліметінше, қазіргі таңда облыс бойынша 13 аралас құрылымды және «Мираж»-7 автоматты интеллектуалдық жүйесі жұмыс жасайды. Олардан түскен ақпарат іріктеліп, жол-көлік ережелерін бұзғандар нақты тіркеліп отырады. Сондықтан көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер тәртіп сақтағаны жөн.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button