Денсаулық

Скандинавиялық жүріс насихатталды

Ауданда бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударылған. Соның бірі — скандинавиялық жүріс. Спорттың бұл түрін насихаттау үшін аудан тұрғындарының қатысуымен көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Хромтау қаласының орталық саябағына спорттық шараларды тамашалауға тұрғындар көп жиналды. Скандинавиялық жүрісті қалың көпшілікке насихаттаған отызға тарта адам спорттың бұл түрі адам денсаулығына пайдалы екенін әрі салауатты өмір салтын қалыптастыруға тигізер әсері турасында айтты.

Скандинавиялық жүрістің басты ережелерін аудандағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері де жан-жақты түсіндірді. Бұл күні спорттың бұл түріне қызығушылық танытқан тұрғындарға күнделікті жүруге кеңес берілді.

 Л.ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button