Спорт

Маркос Пиззелли сұрмергендер көшін бастап келеді

Премьер-Лига

«Қызылжар СК»-«Ақтөбе» — 2:1

Қатарынан үш рет жеңіске жеткен «Ақтөбе» Қызылжарда өткен кездесуде алаң иелерінен айласын асыра алмады. Бұған команданың тиісті құрамда ойнай алмағандығы негізгі себеп болды.

Дегенмен негізгі екі ойыншысының жоқтығына қарамастан ақтөбеліктер бірінші таймда алаң иелеріне аса дес бере қойған жоқ. Қорғанысты да мығым ұстады, қарсы шабуылдар да ұйымдастырып отырды. Сондай сәттердің бірінде, дәл үзіліске шығар алдында Маркос Пиззеллидің қақпаға тура бағыттаған добын қызылжарлық жартылай қорғаушы Урош Делич қолмен қайтаруға мәжбүр болды да, төреші еш ойланбастан он бір метрлік нүктені көрсетті. Пенальти орындауға келген Маркос қателескен жоқ — 0:1.

Алайда екінші таймда мығым қорғаушылар Александр Симчевич пен Бағдат Қайыровтың жоқтығы бәрібір біліне бастады. Осыған байланысты «Ақтөбе» қорғанысқа көбірек мән беру қажеттігін назарға алды да, қарсы шабуылдар ұйымдастыруды аса ескере қоймады. Қонақтардың ойынындағы осындай селкеуліктерді тиімді пайдаланған алаң иелері екінші таймда екі гол соғып, жеңіске жетті.

Дегенмен «Ақтөбе» бұл ойындағы кемшіліктерді әбден талдап, келесі кездесуде жоқтың орнын толтырар деп күтеміз.

Тағы бір қосымша жайды атап өткен жөн. Бұл кездесуде Маркос Пиззелли өзінің бұл чемпионаттағы 12-інші добын соғып, сұрмергендер көшіндегі жеке-дара орнын нықтай түсті. Екінші орында келе жатқан Адеринсола Эсеоланың («Қайрат») есебінде 9 гол бар.

«Қызылжар СК»-«Ақтөбе» — 2:1

Голдардың авторы: Маркос Пиззелли, 44-минут, пенальти (1:0); Момоду Сисей, 65-минут (1:1); Фредди Коронель, 74-минут (1:2).

Ескерту қағазын алғандар: Т.Мульдинов, 54-минут; Ф.Коронель, 66-минут; У. Делич, 69-минут; Г.Попхадзе, 81-минут («Қызылжар СК») — Х.Милишевич, 27-минут; Д.Жалмұқан, 82-минут («Ақтөбе»).

«Қызылжар СК»: Антон Цирин (қақпашы), Георгий Попхадзе, Урош Делич, Карам Султанов, Олжас Алтаев (Сергей Скорых, 83-минут), Андрей Шабаев (Ильдар Аитов, 71-минут), Максим Драченко, Тимур Мульдинов (капитан), Фредди Коронель, Шота Григалашвили, Бошко Ступич (Момоду Сисей, 46-минут).

«Ақтөбе»:Рамиль Нұрмұхаметов (қақпашы), Саят Жұмағали, Виталий Волков, Милан Радин, Асланбек Кәкімов (Дидар Жалмұқан, 76-минут), Саша Марьянович, Хрвое Милишевич, Руслан Валиуллин, Жамбыл Көкеев (Антон Шурыгин, 89-минут), Рейналдо Силва (Абат Айымбетов, 69-минут), Маркос Пиззелли.

7 шілде 2018 жыл. Петропавл, «Қарасай» стадионы. 4000 адам.

*   *   *

Басқа ойындардың нәтижелері:

«Ордабасы»-«Қайсар» — 1:2

«Шахтер»-«Ақжайық» — 1:2

«Жетісу»-«Атырау» — 2:2

«Тобыл»-«Астана»  — 0:0

«Қайрат»-«Ертіс» — 4:0

*   *   *

17-турдан соң 47 ұпаймен «Астана», 41 ұпаймен «Қайрат», 32 ұпаймен «Тобыл» көш бастап келеді. Дегенмен астаналықтардың екі ойыны артық.

4-5 орында 22 ұпайдан жинаған «Ордабасы» мен «Жетісу» тұр.

6-8 орын илері — 20 ұпайы бар «Ақжайық», 19 ұпайы бар «Қайсар», 18 ұпайы бар «Қызылжар СК».

17 ұпайдан жинаған «Ақтөбе» мен «Ертіс» 9-10 орындарға жайғасты.

11-орындағы «Шахтер» командасы 16 ұпай, ал соңғы, 12-орындағы «Атырау» 13 ұпай жинады.

*   *   *

 

18-турдың ойындары 14-15 шілдеде, сенбі, жексенбі  күндері өтеді.

14 шілде күні «Ақтөбе» өз алаңымызда «Атырау» командасын қабылдайды.

5 мамырда өткен бірінші ойында атыраулықтармен тең ойнаған (1:1) болатынбыз.

Басқа кездесулер:

14 шілде, сенбі

«Астана» (Астана) — «Шахтер» (Қарағанды)
«Ақжайық» (Орал) — «Қызылжар СК» (Петропавл)
«Қайсар» (Қызылорда) — «Тобыл» (Қостанай)

15 шілде, жексенбі
«Қайрат» (Алматы) — «Жетісу» (Талдықорған)
«Ертіс» (Павлодар) — «Ордабасы» (Шымкент)

 Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button