Мереке

Сүйкімді балақайлар

Елорданың жиырма жылдығына байланысты облыстық «Ақтөбе» газетінің балаларға арналған арнайы бетінде «Сүйкімді балақай» фотобәйгесі жарияланған болатын. Баласының сәтті шыққан суреттерін ұсынып, үздік атанған ата-аналар  «Ақтөбе медиа» ЖШС-ның арнайы дайындаған сыйлығына ие болды.

Газеттің «Балдырған» бетінде «Сүйкімді балақай» фотобайқауының шарттары жарияланған соң Ақтөбе қаласы мен аудандарда тұратын ата-аналар балаларының түрлі  суреттерін жіберді. Олар газет бетіне жарияланды. Байқаудың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының кішкентай тұрғындары Салих Манас пен Айым Болат жеңімпаз атанды. Серіктестік директоры Раукен Отыншин балдырғандарды құттықтады. Оларға тәттіге толы естелік сыйлықтар табыс етті.

— Байқау кезінде ата-аналар балаларының сәтті түскен суретін газет бетіне жариялауға мүмкіндік алды. Оқырман балаларды көріп, қылығына сүйсінеді. Балалардың бақытты, қуанышты сәттерін ел көреді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев биылғы жылды облысында Балалар жылы деп жариялады,  «Бақытты бала» жобасы іске асырылып жатыр. Байқау да сол атаулы шараға орай ұйымдастырылды, — деді «Ақтөбе» газеті редакторының орынбасары Ертай Ашықбаев.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button