Әлеумет

500 мың теңгенің сертификатын табыстады

Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі I топ мүгедегі Ұлан Сырғабаевқа сауықтыру-оңалту емделуі үшін 500 мың теңгелік сертификатты табыс етті.

— 2001 жылдан бері 141 арбадағы мүгедек азамат шетелде емделіп, оңалтудан өтті. «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі мүшелерін әрдайым кеңес алу, қоғамға бейімделу жағынан демеуге әзір. Оның ішінде дәрі-дәрмек пен азық-түлікпен көмектесу, қаржылай қолдау сияқты жұмыстар бар, — деп атап өтті қоғамдық бірлестіктің төрайымы Құралай Байменова.

Сондай-ақ, қоларбамен қозғалатын тағы 10 мүмкіндігі шектеулі жанға ТМД елдерінің арнаулы сауықтыру орталықтарына жолдама берілді.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button