Спорт

Полицейлер эстафетасы

Ақтөбе полицейлері Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында дәстүрлі эстафета өткізді. Тұңғыш Президент атындағы саябақта ұйымдастырылған спорттық шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау. Эстафета барысында Ақтөбе облысы ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасақ командасы, қалалық басқарма мен бөлімшелер, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе желілік полиция бөлімі, Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі, ҚР Ұлттық гвардиясының 66/55 әскери бөлімі мен облыстық ІІД, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен департамент аппаратының командалары, жергілікті полиция қызметі  жол полициясының рота мен батальон қызметкерлері өзара бақ сынасты.

Әрқайсысы алты адамнан тұратын 14 команда өзара мықтыларды анықтау барысында жылдамдық пен тапқырлықтарын көрсетті. Бұл жолғы шараға облыстағы Балалар жылы аясында алғаш рет «Еркем-ай» мектепке дейінгі мекемесінің балалары да барынша атсалысты.

Полицейлік эстафета қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы ІІД құрама командасы, арнайы мамандандырылған күзет басқармасы және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жеңіске жетті. Оларға дипломдар, кубоктар мен медальдар табыс етілді. Ал кішкентай балаларға тәтті сыйлықтар үлестірілді.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button