Спорт

Айдын әлем чемпионатына қатысады

Ақтөбелік полицей Айдын Төлепбаев жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі кубогының жеңімпазы атанды. Жарыс Щучинск қаласында өтті.

Айдын Төлепбаев ішкі істер саласында  2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Алғашқы еңбек жолын жол патрульдік полициясында инспектор болып бастап, кейін арнайы жасақ құрмына ауысты. Еңбек  ете жүріп түрлі жарыстарға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Сан мәрте облыстың намысын қорғап, биік тұғырдан көрінді. Биыл Қызылорда қаласында өткен Қазақстан кубогында  жүлдегер атанып, бірінші орын иеленді. Ал бұл  жарыста 75 келі салмақта сынға түсіп,  өз қарсыластарын жеңіп, үздік атанды. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айдын Минск қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button