Ауыл

Ауылдағы спартакиада

Құтикөл ауылында ауыл жастарының аудандық XVII спартакиадасы өтті.

Бұл спартакиадаға Ырғыз, Қызылжар, Құмтоғай, Аманкөл, Нұра, Тәуіп, Жайсаңбай ауылдық округтерінен жеті команда қатысып, спорттың волейбол (ерлер және қыз балалар арасында), футбол, қазақ күресі, гір көтеру, қол күрестен өзара сайысқа түсті.

Спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Қызбергенов спорттық бәсекеге жиналғандарды спартакиаданың ашылуымен құттықтап, жыл сайын командалар құрамының жастармен толығып келе жатқандығын айтып, жарыстың өтуіне демеушілік танытқан   аманкөлдік азаматтарға аудан әкімі атынан Алғыс хаттар табыстады. Демеушілер қатарында  жеке кәсіпкер Ерболат Дүйсенбаев, «Гүлжазира» шаруа қожалығының төрағасы Жұбатқан Манасов, «Бекнұр» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Камал Сәтбаев  «Келаман» шаруа қожалығының төрағасы Талғат Жұбанышовтар бар.

Үш күнге созылған дүбірлі додада жалпы командалық есеп бойынша Ырғыз ауылдық округінің спортшылары бірінші орынды иеленсе, екінші және үшінші орындарды Аманкөл және Қызылжар ауылдық округінің спортшылары өзара бөлісті.

Спартакиада соңы аудандық Мәдениет үйінде концерттік бағдарламамен ұласты.

Шараның жабылу сәтінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейірхан Әттиев жарыстың өтуіне ұйымшылдық танытқан Аманкөл ауылдық округінің тұрғындарына ризашылығын білдіріп,  аудандық спорт додасында жақсы нәтижеге қол жеткізген спортшыларды жетістіктерімен құттықтады.

Жарыс соңында аманкөлдіктерден спартакиада туын Ырғыз ауылдық округінің әкімі Алтынбек Сарин қабылдап алды.

 Тұрсынбек БЕКЖАНҰЛЫ,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button