ЖаңалықтарСпорт

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімінің бұйрығымен Мейрамбек Махамбетов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Мейрамбек Жанболатұлы 1989 жылы 6 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті референті болып бастаған және сол жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік басқармасының сарапшысы қызметін атқарған.

2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Дене шынықтыру департаменті Бұқаралық спортты дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Әкімшілік және кадр жұмысы басқармасының басшысы.

2016 жылдың 1 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button