Ауыл

Ауылға тарту

Туған жерге тағзым

Ырғыз ауданына қарасты Аманкөл ауылдық округінің орталығы Құтикөл ауылына кіреберісте еңселі қақпа бой көтерді. Бұл  — ауыл жастарының аудандық XVII спартакиадасы қарсаңында туған жерге жасаған түлектер тартуы.

Т.Шонанұлы атындағы орта мектепті (кезіндегі Коминтерн орта мектебі) бітіргендеріне 30 және 35 жыл болған түлектер туған ауылдарына осындай тарту жасады. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өткен шарада  аудандық мәслихат  хатшысы Көптілеу Қосаяқов, еңбек ардагері Мырзалы Өтемұратов, ұстаз Раулия Бертілеуова, зейнеткер Әбдісапар Бекназар, мектеп түлегі Боран Ермахановтар өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Аманкөл ауылдық округінің әкімі Абат Баймұханов пен ұйымдастырушылар Клара Әттиева, Нұрлыбек Өтемұратовтар көппен біткен игілікті іске атсалысқандарға рақметін айтып, естелік сыйлықтар табыстады.

Туған жер перзенттері мектептеріне барып, балалық шақтың қызықты сәттерімен бөлісті. Аудандық мешітте өмірден озған ұстаздары мен кластастарын еске алып, Құран бағыштады.

  Т.Бекжанұлы,

Ырғыз ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button