Әлеумет

40 жүргізуші. Бір мүдде

Акция

Ақтөбе көлік прокуратурасы көліктік бақылау инспекциясы, облыстағы жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесе Ақтөбе-Жайсаң-Ресей Федерациясының шекарасына қарасты автокөлік жолында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. 

Шараның негізгі мақсаты — жол бойындағы жемқорлықты жою, автокөлік жолдарындағы қауіпсіздікті сақтау, жүк тасымалдаушылардың туындаған мәселелерін шешу, сондай-ақ көліктік бақылауды жүргізудегі әкімшілік кедергілерді азайту.

Акция барысында көлік жүргізушілері халықаралық жолдардың қауіпсіздігі, жолдардың мүшкіл жағдайы және инфрақұрылымды дамытудың төмен деңгейі, кемпингтердің болмауы, т.б. түйткілдерді көтеріп, оның тез арада оңды шешілуіне ықыласты екенін жеткізді.

Көлік прокуратурасының және мемлекеттік уәкілетті органдардың өкілдері туындаған сұрақтарға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге көліктік бақылау органдарының қызметкерлерінің және көлік тасымалдаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттық парақшаларды таратты.

Ақтөбе көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияға 40-қа жуық автокөлік жүргізушілері қатысты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button