Әлеумет

Елдікті сақтауды басты мұрат етейік

Қоғам, ел болған соң, қайда да, тіпті дамыған мемлекеттердің өзінде де түрлі мәселелер, соның ішінде, қиындықтар да болмай қоймайды. Бірақ оның бәрінің заң тетіктері, өзара келісім, ортақ жұмыстар арқылышешу жолдары болады. Біз күнделікті тынымсыз жұмыс үстінде өмір болған соң кездеспей тұрмайтын көптеген мәселелерді дабырасыз, дүрбелеңсіз, заңды жолдармен шешіп те келеміз.

Мен үкіметтік емес ұйымдар сапында жүргендіктен жақсы білемін: мемлекеттік органдар әрдайым қарапайым адамдарды қоғамдағы түрлі мәселелерді шешуге атсалысуға, бірлесе жұмыс істеуге шақырады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»  дегендей, қашанда ойласып, кеңесіп, бірлесіп істеген іс қана нәтижелі болмақ.

Еліміздің Бас прокуратурасының заңды сақтауға шақырған Үндеуінде жұртшылықты митингіге шығуға шақырған арандатушылық мазмұндағы хабарламалар мен бейнероликтердің таралғаны жөнінде айтылыпты. Әрине, бұл бізді ойландырды. Егер аталған хабарламалар мен бейнероликтерді таратушылар расыменен де елге, халыққа жаны ашитын адамдар болса, ең алдымен, бар игіліктердің іргетасы — тұрақтылық пен тыныштық қана екенін баса айтар еді. Сол тұрақтылық пен тыныштыққа титтей де қауіп төндірмеуді ойлаған болар еді.

Бейбітшілік пен ынтымақты сақтап тұру қиын, ал жоғалту… ойланбай істеген жалғыз-ақ қадам арқылы әп-сәтте айырылып қалуға болады. Жер бетінде ойланбай барған қадамдары бастарына қара бұлт болып үйіріліп, бейбіт аспан астындағы бақытты өмірге зар болып, қасірет шегіп жүрген жұрттар да бар, олардың тағдырын күнделікті оқып-біліп отырмыз. Ондайдан аулақ болудың қамы — елдің, болашақ ұрпақтың тағдырына жауапкершілікпен қарап, сақтана білу.

Ендеше, тек заңға сүйеніп өмір сүріп, ынтымақ-бірлігімізді, ең бастысы, елдігімізді сақтауды басты мұрат етейік.

 Айгүл ДҮЙСЕНОВА,

«Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдары Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button