Әлеумет

Бірлік — болашақтың кепілі

Ел мақсаты — Тәуелсіз еліміздің тұғырының биік, тыныштығының берік болуы. Ұлт құндылығын ұлықтап, ел бірлігін дәріптеу әр Қазақстан азаматының парызы.

Білім саласының қызметкері, жас ұрпақ тәрбиелеуші маман, халық қалаулысы ретінде еліміздің тыныштығы мен күн санап көркейген болашағы аса маңызды.

Ертеңгі еліміздің кірпішін қалайтындар — біз тәрбиелеп жатқан сауатты жастар. Дегенмен халқымыздың мәнді де сәнді, бақуатты өміріне қызығып қана емес, қызғана қарайтын, ел ішіне іріткі салып, араға арандату туғызуға тырысатын кесірлі қадамдар болуы да мүмкін. Сондай арандатушылыққа еріп, ел тыныштығын жосықсыз жолдармен, жайлы өмірдің жағдайын бұзған кейбір көршілес елдердің халқын құрдымға сүйреген, бейғам елді бақытсыз еткен қорытынды нәтижелерін де көріп отырмыз. Сондықтан да Еліміздің Бас прокуратурасының заңды сақтауға шақырған Үндеуін есте ұстауымыз керек. Сананы улап, халық арасына араздық туғызар әр іс-қимыл алға ұмтылар қадамымызға шабылған балта деп түсінуге тиіспіз.

Бабадан мұра болып қалған зор ынтымақ, берік бірлік, биік парасат қана бізді биікке жетелейді. Елдің бүтіндігі мен бірлігін сақтай отырып, баянды болашаққа біріге ұмтылу ғана біздің басты ұстанымымыз.

 Жеңісгүл МҰХАМБЕТПАЙЫЗОВА,

Ақтөбе көлік, коммуникация және

жаңа технологиялар колледжінің директоры,

облыстық мәслихаттың депутаты.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button