Білім

5 оқушы — «алтын белгі» иегері

Түлектер

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде түлектерге аттестат тапсырылды. Түлектердің мектеп бітіру салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, сондай-ақ ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

2017-2018 оқу жылында білім ордасын тәмамдаған түлектер саны — 175. Олардың ішінде 5 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 7 оқушы ерекше аттестатпен марапатталды. Қазіргі таңда 39 оқушы Назарбаев Университетіне жолдама алып, 18 түлек алыс-жақын шетелдік университеттердің грантын иеленіп отыр.

Салтанатты шарада Ербол Нұрғалиев, мектеп директоры Сабыржан Сәдуақасовтар құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге сәт сапар тіледі.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button