Әлеумет

Үлгілі полицейлер отбасы

Бүгінде ішкі істер органдарында қызмет ететін Жакиндер отбасы — бір әулетте бірнеше буын қатарынан осы салада еңбек етіп келе жатқан отбасылардың бірі. Полиция старшинасы Нұрбол Жакин мен полиция старшинасы Айнұр Тукетова — бір-бірін осы салада жүріп кездестірген жандар.

Олар Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасына 2009 жылы қызметке бір күнде қабылданған. Өмірге деген көзқарастары мен қызметтегі жеткен жетістіктерінің арқасында олар өзара тіл табысып, арада үш жыл өткен соң шаңырақ көтерген.

Қазіргі таңда екеуі — бір отбасының тірегі мен ұйытқысы. Ауыртпалығы мол, жауапкершілігі жоғары қызметтерін абыроймен атқарып жүрген Айнұр мен Нұрбол — бүгінде ішкі істер органдарының жас буын қызметкерлеріне адами және кәсіби тұрғыда үлгі бола білген жас отбасы. Қызметте олар ұжымдағы спорттық шараларға белсене қатысып, тәртіп сақшылары арасындағы бөлініс аралық және облыстық жарыстарда өздерінің күштерін сынап, бірнеше мәрте жеңіс тұғырларынан көрініп жүр. Нұрбол мен Айнұр қызметте де, отбасында да бір-біріне сүйеніш болып жүреді. Мұны көрген басқарма қызметкерлері оларға сүйсінеді.

Әріптестерінің ілтипат-құрметіне бөленіп жүретін екі жастың бүгінде Нұрислам есімді ұлы бар. Айналамызда осындай жас отбасылар көп болса дейміз.

 Мұратбек Сақып, 

                                                                        облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-полиция батальонының

                                                               взвод командирі, полиция капитаны.

Ақтөбе қаласы.

                                                      

                                                   

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button