Әлеумет

Әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен зейнеткерлермен кездесу өтті. Шараға «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы қызметкерлері қатысты.

Кездесуде зейнеткерлер өздерін толғандарып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жеңілдіктер мен жәрдемақылар, зейнетақы реформалары жөнінде ақпараттар алды.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің жасына байланысты өзгерістер енгізілгені белгілі. Жиынға қатысқан «Әлеуметтік төлемдерді ведомствалық есептеу» орталығының директоры Ізбасар Орынбасаровтың айтуынша, 1960 жылы туған әйелдер енді 58,6 жастан бастап зейнеткерлікке шығады.
— Биыл 23 596 мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның ішінде мемлекеттік қызмет мерзімі бұзылған жағдайлар жоқ. Биыл 1 қаңтардан бастап 1960 жылы туған әйелдер 58,6 жастан зейнеткерлікке шығады.

Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айдан артып отырады. 

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап, базалық зейнетақы өзгереді. Бұл туралы толығырақ 70-44-04 телефон нөмірі арқылы толығырақ ақпарат алуға болады, — деді І.Орынбасаров.

Зейнеткерлер тарапынан қоғамдық көліктермен жүруге жеңілдіктер, зейнеткерлерге берілетін әлеуметтік көмектер туралы сауалдар қойылды.

— Қазіргі таңда Ақтөбе қалалық әкімдігі әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарды анықтап, ең төменгі зейнетақы алатын қарттарға автобустарда тегін жүру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Қалалық мәслихатпен бірге әлеуметтік төлемдердің қағидасы бекітілді. Әлеуметтік көмек туысқандары жоқ, жалғызбасты, ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі зейнеткерлерге көрсетіледі, — деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нәйлә Бөртебаева.

Сондай-ақ жиында тұрғын үй, жер, көп қабатты үйлердегі лифт мәселелері де айтылды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button