Әлеумет

Қайырымдылық халықты біріктіреді

Акция

Ақтөбеде «20 игі іс» акция-эстафетасы жалғасуда. Жұма күні аталмыш акция аясында қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері донор болып, қан тапсырды.

Ал түстен кейін «Үміт» сәбилер үйіне барып, гигиеналық құралдар табыс етті. Департамент басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, акция-эстафета аясында департамент қызметкерлерінің ішіндегі жалғызбасты ата-аналардың балаларына жазғы лагерьлерге жолдама беру де қарастырылған.

Жақсылық жасау кез келген адамның қолынан келетін іс. Ол шын жүректен жасалған болса, тіпті жақсы. Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай өңірде бастау алған акция-эстафетаға біздің департамент қызметкерлері белсенді атсалысуда. Түске дейін аумақтық бөлімшелерді қоспағанда департаменттің өзінен оннан астам қызметші келіп қан тапсырды, — дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.  

Мемлекеттік қызметшілерді ізгі істер жасауға тарту және қоғамға пайдасын тигізу мақсатында облыс көлемінде бастау алған эстафета Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет органдарының және Астана қаласының 20 жылдығына орай

өтуде. Айта кетейік, акция-эстафетаны алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастаған болатын.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button