Спорт

Алғашқы сапар

Жақында Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан ауыл жасөспірімдерінің І спартакиадасы өтті. Спартакиадаға еліміздің барлық облысынан 14 команда қатысты. Бұл сында ақтөбеліктер сапын байғаниндік және Благодар ауылының спортшылары құрады. Әзірліктің аздығына қарамастан ойыншыларымыз жарады. Жекелей есепте Байғанин орта мектебінің 9-сынып оқушысы Гүлсая Бақтиярова 2-орынды, Ш.Берсеев атындағы ауыл шаруашылығы колледжінің 1-курс оқушысы Сайра Сисембай 3-орынды иеленді. Командалық есепте ақтөбеліктер 8-орынды місе тұтты.

— Жасөспірімдер арасындағы республикалық спартакиада алғаш рет ұйымдастырылғандықтан, бізде облыстық спартакиада өткізуге мүмкіндік болмай қалды, — дейді тоғызқұмалақтан облыс құрама командасының аға жаттықтырушысы Қабидолла Нұршин. — Сондықтан дайындық та аз болды. Ал облыстық спартакиада өткізіп, мықтыларды іріктегенде, бұдан әлдеқайда жоғары орынды иеленген болар ма едік.

Әрине, тоғызқұмалақтан қай жастар арасында болса да салмағы жоғары жерлестеріміздің 8-орынды қомсынуын түсінуге болады.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button