Спорт

Ақтөбеге үлкен спорт мерекесі келді

Ақтөбенің спорт сүйер қауымы күткен мереке келді. Ақтөбе тарихында қалатын мереке келді. Өйткені атақты боксшы Серік Қонақбаевтың мерейлі 50 жасқа толуына орайластырған турнирдің біздің жерімізде өтуі де бір бақыт.

Кеше «Қоныс» спорт сарайында аты аңызға айналған боксшы, ринг төрінің төресі Серік Қонақбаев атындағы жүлде үшін бокстан кезекті халықаралық турнир басталды. 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін Әлем кубогының иегері, 2 дүркін Еуропа чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаевты жерлестеріміз өз көздерімен көріп, сүйсінді.

Сонымен, кеше Серік Қонақбаев атындағы жүлде үшін халықаралық турнирдің ашылуы болды.

Турнирге АҚШ, Ресей, Украина, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қазақстан құрама командаларының және Ақтөбе облысы командасының боксшылары қатысуда. Әрине, Серіктің көптен көрмеген шаршы алаңдағы достары да осында бас қосты.

Кеше турнирдің іріктеу жекпе-жектері өтсе, бүгін ширек, ертең жартылай финалдық ойындар өтеді. Ал чемпиондар мен жүлдегерлер 22 мамырда анықталады. Турнир сол күні сағат 14.30-да салтанатты түрде жабылады.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button