Ауыл

Шұбаршиде «түлектер саябағы» ашылды

«Туған жерге тағзым»

Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Шұбарши орта мектебінде бірқатар игі істер атқарылуда.

Жақында осы мектептің 45 жыл бұрын бітірген түлектері өздерінің үлес қосуымен білім ордасының ауласында орналасқан «Түлектер саябағының» ашылу салтанатына қатысты. Жиын барысында мектеп директоры Ә. Нұржанова осындай игі шараға ат салысқан мектеп түлектеріне, ауыл азаматтарына алғысын білдірді.

Ұшқан ұясын ұмытпай, өзі оқыған мектебіне демушілік көрсеткен түлектің бірі — Болат Қараманов қазір Алматы қаласында тұрады, белгілі кәсіпкер. Ол алыста жүрсе де, мектепте ұйымдастырылған шараға арнайы келді. Ханзада Есқалиев Кеңқияқ мұнай-газ өндіру басқармасында директордың орынбасары қызметін атқарады. Ал Роза Сатанова қазір зейнеткерлік демалыста болғанмен, кезінде өзінің осы туып-өскен өңірінің өркендеуіне біраз қызмет етті. Түлектер саябағын салуға ұсыныс жасап, сыныптастарын біріктіріп жүргенде Ханзада екеуі. Сол мақсат орындалып, түлектердің атынан мектеп шәкірттеріне саябақ сыйға тартылды.

Түлектер саябағының алаңына жабынтастар төселіп, орындықтар мен шамдар орнатылған. Айналасына әсем гүлдер мен талдар егілген.

 Н.САБЫРБАЕВ,

Темір ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button