Әлеумет

Өрттен әр кез сақтану керек

Өрт қаупі мерзіміне дайындық мақсатында Ақтөбе қаласының Ақшат ауылында орман-дала өрттерін жою жөніндегі әрекеттерді меңгеру бойынша арнайы-тактикалық жаттығу өткізді.

Жаттығу мақсаты азаматтық қорғаныс пен басқару органдарының өзара байланысын меңгеру және елді мекендердегі ерікті өрт сөндірушілерінің дала өртінің  алдын алу үшін жақын елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастыруға дайындығын арттыру болып табылады.

Бұл күні көпшілік тұрғындар Родников жолы аймағында аспанға көтерілген қара түтінді байқады. Осы жерде 6 гектар жазық дала аумағында өрт сөндіру жаттығулары өтті.

Жаттығуға Ақтөбе қаласының 5 басқарушы компанияның ерікті өртке қарсы құрылымдарының мүшелері, Ақтөбе қаласының №4 өрт сөндіру бөлімі, Ақтөбе орман шаруашылығы мекемесі,  медициналық қызмет қатысты. Барлығы               іс-шараға 75 адам және 14 бірлік техника тартылды.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуандық Қасымовтың атап өткеніндей, олар іс жүзінде қолданыстағы білімдері мен дағдыларын салып, барлық қызметтердің өзара іс-қимылдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Құрылымдар барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұған қоса, жақын арада  екі ауданға екі бірлік мамандандырылған өрт сөндіру техникасы сатып алынатын болады.

А.ШҰҒАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button