Рухани жаңғыруӘлеумет

Құрақ құрау өнерін меңгерді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» бағдарламасы және «Бақытты бала — мәңгілік ел кепілі» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ақ желкен» аула клубының ұйымдастыруымен «Құрақ өнері» атты шеберлік сабағы өтті.

Шараның негізгі мақсаты — қатысушыларға құрақ түрлерін тігудің ерекшелігі мен құрақ бөліктерін дұрыс орналастыру, өңдеу технологиясын үйрету. Сондай-ақ теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Шеберлік сабағына Ақтөбе қаласы бойынша 50-ден астам жұмыссыз, аз қамтылған отбасы аналары, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектер қатысып, «Ақ желкен» аула клубының  қосымша білім беру педагогі Айнагүл Бекешова құрақ құру өнері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Шара соңында қыз-келіншектерге ақысыз сертификаттар табысталды.

Гүлдариға БАҚЫТЖАНОВА,

облыстық Қазақстан халқы

Ассамблеясы жанындағы аналар

кеңесінің төрайымы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button