Денсаулық

Менингитпен тіркелгендер жоқ

Елімізде менингит ауруына шалдығып, көз жұмған балалар туралы ақпарат әлеуметтік желіде жиі жазыла бастады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мәмбетжанованың айтуынша,  облыста жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ.

Қаңтар-ақпан айларында екі бала және бір ересек адам осы сырқатпен ауруханаға түсті. Қазір олардың барлығы жазылып, үйлерінде жүр. Жалпы бұл — халық арасында кең таралған дерт және жыл сайын осы инфекцияға шалдығатын адамдар кездеседі. Облыстың барлық емдеу орындарында менингиттің алдын алу жұмыстары үнемі жүреді. Дәрігерлердің арасында семинарлар өтеді. Қазір ақпараттық жұмыстар жүріп, жадынамалар таратылып жатыр. Облыста менингитпен ауырып, ауруханада жатқан тұрғындар жоқ. Жалпы халықтың үрейленуіне, қорқуына ешқандай негіз жоқ, жағдай тұрақты, — деді Гүлнар Мәмбетжанова.

Менингиттің негізгі белгілері — бас, тамақ ауыру, қызу көтерілу, жөтелу. Инфекция әртүрлі жолмен жұғады. Салқын тигеннен пайда болады. Аурудың клиникалық белгілері байқалса, науқас бірден жедел жәрдем немесе емханаға хабарласып, дәрігер шақырту керек. Ауырған адамға арнайы ем тағайындалады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button