Денсаулық

Кореялықтар «PACS» жүйесін орнатты

Ақтөбе медициналық орталығына кореялық мамандар «PACS» бейнелерді мұрағаттау жүйесін орнатты. Бұл облыс әкімдігі мен Оңтүстік Корея елінің Пусан ұлттық университеті арасындағы облыстың цифрлық денсаулық сақтау жүйесіне ақпараттық-байланыс технологияларын трансферттеу бойынша инновациялық қызметтегі халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, аталған жүйенің құны — 500 мың доллар. Компьютерлік, магниттік томография,  рентген суреттерін пленкасыз электронды түрде көруге мүмкіндік береді.

— Қазір рентген, томография суреттері пленкаға шығарылады. Науқас адам кейде жоғалтып алады немесе өзге ауруханаға барғанда қайта  түсуге тура келеді. Ал «PACS» жүйесінде науқас рентгенге түскеннен кейін  автоматты түрде  нәтижесі бірден дәрігердің смартфонына немесе компьютеріне жолданады. Сол сәтте-ақ дәрігер нәтижені бірден көреді. Бұл дәрігер үшін де, науқас үшін де тиімді. Дәрігердің мәліметті тез алуына, сапалы қызмет көрсетуіне өте ыңғайлы. Аталған жүйе медициналық кластерге кіретін ауруханаларға ортақ, — деді басқарма басшысы.

Бұндай жүйе дамыған елдерде қолданылады екен. Қазір кореялық мамандар Ақтөбе медициналық орталығына қондырып жатыр. Маусым айының алғашқы онкүндігінде жаңа жүйе іске қосылады. Жалпы Ақтөбе мен Оңтүстік Корея елінің арасында медициналық цифрлық денсаулық сақтау жүйесін енгізуге қатысты ынтымақтастық орнаған.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button