Ресми

Халықаралық балаларды қорғау күнінде бірнеше жол жабылады

Ақтөбе қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шеру өткізілуіне байланысты бірнеше жол жабылатын болды.

Азаматтардың қауіпсіздігі үшін 1 маусымда сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін балалар және жасөспірімдер музыкалық оркестрлерінің және «Сәлем саған, Астана» ансамбльдерінің мерекелік шеруіне байланысты Әбілқайыр хан даңғылының бойы Ә.Молдағұлова даңғылынан В.Пацаев көшесіне дейін және Абай даңғылы (екі жақ беті) бойынша Әбілқайыр хан даңғылынан Тургенев көшесіне дейінгі, соның ішінде Есет батыр көшесі аралығында  барлық көлік түрінің қозғалысы жабылады.

Ақтөбе облысында Балалар жылы аясында «Бақытты бала» І ашық вокалды балалар фестиваль-конкурсының өтуіне байланысты 1 маусымда сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін  Әбілқайыр хан даңғылы бойында Ғ.Жұбанова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейінгі аралықта мерекелік дайындық кезінде барлық көлік түрінің қозғалысы жабылады.

Осы күні сағат 9.00-ден 11.00-ге дейін Қарғалы селосындағы Сәтбаев көшесі бойында Геологическая көшесінен Мир көшесіне дейінгі аралықта барлық көлік түрінің қозғалысы жабылады.

Қоғамдық көлік қозғалысы уақытша сызба бойынша параллель көшелер арқылы ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button