Білім

IT сынып ашылды

Цифрлық Қазақстан

Ақтөбе қаласындағы үш тілде білім беретін №21 мектеп-гимназияда IT сынып ашылды. Бұл «Нұр Отан» партиясының  азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып»  жобасы аясында іске асып отыр.

Партияның Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбай Әжібаев сыныптың ашылуына қатысып, балалардың жасаған робот техникаларын көрді.

Бұндай сыныпты ашудағы мақсат —  балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. Жылдың соңына дейін облыста жиырма мектепте IT сынып ашу жоспарланып отыр. Оның он екісі ауданда, сегізі қалада ашылмақ.  Мамыр айында бес сынып ашылды. Әр мектепке төрт миллион теңгеден қаржы қарастырылады. Бұл қаражат сыныпты ашуға, маман даярлауға жұмсалады. Бүгін үш тілде білім беретін гимназияда балалардың қабілетін байқадық. Оқушылар көп нәрсені үйренгендерін көрсетті. Өз қолдарымен робот құрастырған, — деді Мұратбай Әжібаев.

IT сынып заманауи компьютерлермен, 3D принтер, жоғары жылдамдықты интернет, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. Барлығы алпысқа жуық бала оқиды. Оқшылар әртүрлі бағдарлама арқылы білім көкжиегін кеңейтеді, түрлі компьютерлік ойындар, сабаққа қажетті бағдарламалар құрастырады. Бұл сыныптың оқушылары облыстық, республикалық байқаулардан жүлдемен оралыпты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button